Карантинді тоқтату туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық әкімдігінің 2018 жылғы 10 қазандағы № 406 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Катонқарағай аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 12 қазанда № 5-13-149 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 - бабының 1, 2 - тармақтарына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10 – бабының 2 – тармағының 10) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46 – бабының 2 - тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Катонқарағай аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы № 117 ұсынысы негізінде, Катонқарағай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Катонқарағай ауданы Солоновка ауылдық округінің "Полив" учаскесінде, Алтынбел ауылдық округінің "Подбелок" учаскесінде ірі қара мал арасында сібір жарасы ауруын жою бойынша ветеринарлық-санитарлық іс-шаралар кешенінің орындалуына байланысты белгіленген карантин тоқтатылсын.

      2. "Катонқарағай ауданы Солоновка ауылдық округінің "Полив" учаскесінде, Алтынбел ауылдық округінің "Подбелок" учаскесінде карантин белгілеу туралы" Катонқарағай ауданының әкімдігінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 363 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-13-148 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 28 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Нұрғожин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады