Шектеу іс-шараларын тоқтату және "Күршім ауданы Төсқайың ауылдық округінің Шанағаты ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Төсқайың ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 1 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Төсқайың ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 22 ақпандағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 12 наурызда № 5523 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 - бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46 - бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес және Күршім ауданының аумақтық бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 1034 ұсынысы негізінде, Төсқайың ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:

      1. Ірі қара малдардың сарып ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Күршім ауданының Төсқайың ауылдық округiнiң Шанағаты ауылында шектеу iс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Төсқайың ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 1 "Күршім ауданы Төсқайың ауылдық округінің Шанағаты ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5186 болып тіркелген, 2017 жылдың 8 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төсқайың ауылдық округінің әкімі А. Беткенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады