Тарбағатай ауданы Көкжыра ауылдық округіне қарасты Көкжыра ауылының I квартал және Жоламан көшелеріне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Көкжыра ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 17 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Тарбағатай аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 27 желтоқсанда № 5-16-175 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Көкжыра ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 7 қазандағы № 28 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Көкжыра ауылдық округі әкімінің 07.10.2019 № 28 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2- тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2018 жылғы 12 қарашадағы № 643 ұсынысы негізінде, Көкжыра ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Мүйізді ірі қара малдардың арасынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты Тарбағатай ауданы Көкжыра ауылдық округіне қарасты Көкжыра ауылының I квартал және Жоламан көшелеріне шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Көкжыра ауылдық округінің әкімі Ж. Баянбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады