Орал қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 19-6 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 14 наурызда № 5088 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Орал қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Орал қалалық мәслихаты аппаратының басшысы (С.Дәулетов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Ә.Сәлиева
      Қалалық мәслихат хатшысы А.Әубекеров

  Орал қалалық мәслихатының
2018 жылғы 28 ақпандағы
№19-6 шешіміне
қосымша

Орал қалалық мәслихатының кейбір күші жойылған шешімдерінің тізбесі

      1. Орал қалалық мәслихатының 2015 жылғы 22 қыркүйектегі №37-3 "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4110 болып тіркелген, 2015 жылы 26 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2. Орал қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы №9-2 "2017-2019 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4648 тіркелген, 2017 жылы 12 қаңтарда "Жайық үні"-"Жизнь города" газетінде жарияланған);

      3. Орал қалалық мәслихатының 2016 жылғы 10 наурыздағы №10-3 "Орал қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы №9-2 "2017-2019 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4749 тіркелген, 2017 жылы 11 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      4. Орал қалалық мәслихатының 2016 жылғы 9 маусымдағы №12-2 "Орал қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 9-2 "2017-2019 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4822 тіркелген, 2017 жылы 3 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      5. Орал қалалық мәслихатының 2017 жылғы 16 қазандағы №16-2 "Орал қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 9-2 "2017-2019 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4928 тіркелген 2017 жылы 30 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      6. Орал қалалық мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы №17-2 "Орал қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 9-2 "2017-2019 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4986 тіркелген, 2017 жылы 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады