Ақжайық аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 наурыздағы № 17-4 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 6 сәуірде № 5129 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, Ақжайық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақжайық аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші қосымшаға сәйкес жойылды деп танылсын.

      2. Аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы (Т.А.Горбунова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

      Сессия төрағасы А.Сагитов
      Мәслихат хатшысы С.Сиражев

  Ақжайық аудандық
мәслихатының 2018 жылғы
28 наурыздағы № 17-4 шешіміне
қосымша

Ақжайық аудандық мәслихатының кейбір күші жойылды деп танылған шешімдерінің тізбесі

      1. Ақжайық аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 8-1 "2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4645 тіркелген, 2017 жылғы 17 қантарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      2. Ақжайық аудандық мәслихатының 2017 жылгы 10 наурыздағы № 9-3 "Ақжайық аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 8-1 "2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4734 тіркелген, 2017 жылғы 29 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      3. Ақжайық аудандық мәслихатының 2017 жылғы 9 маусымдағы № 10-2 "Ақжайық аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 8-1 "2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4825 тіркелген, 2017 жылғы 3 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      4. Ақжайық аудандық мәслихатының 2017 жылғы 10 қазандағы № 12-1 "Ақжайық аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 8-1 "2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4921 тіркелген, 2017 жылғы 26 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      5. Ақжайық аудандық мәслихатының 2017 жылғы 29 қарашадағы № 14-1 "Ақжайық аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 8-1 "2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4983 тіркелген, 2017 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      6. Ақжайық аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 15-1 "Ақжайық аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 8-1 "2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4993 тіркелген, 2017 жылғы 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады