Жәнібек ауданы бойынша жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифін белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 53 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 16 сәуірде № 5159 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 23 сәуірдегі № 48 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 23.04.2024 № 48 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. №1 маршрут Жәнібек ауылы "Д.Нұрпейсова атындағы көшесі – М.Мәметова көшесінің қиылысы" аялдамасы – Абай көшесі "Балдәурен" балабақшасы аялдамасы, №2 маршрут "Водстрой көшесі" аялдамасы – И.Жұмаев көшесі, "Аудандық орталық аурухана" аялдамасы және №3 маршрут Х.Чурин көшесі, "Теміржол вокзалы" аялдамасы – "Жеңіс көшесінің оңтүстік жақ бөлігі" аялдамасы бойынша жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифі 80 теңге мөлшерінде белгіленсін.

      2. "Жәнібек ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны жүзеге асыру жөніндегі қажетті шараларды алсын.

      3. Жәнібек ауданы әкімі аппаратының басшысы (А.Молдағалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылауды аудан әкімінің орынбасары Ж.Абдоловқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Сафималиев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Жәнібек аудандық мәслихатының хатшысы
__________________Т.Кадимов
28 наурыз 2018 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады