Тасқала ауданы Тасқала ауылдық округінің Бірлік ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Тасқала ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 34 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 15 ақпанда № 5061 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Тасқала ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 6 қыркүйектегі № 114 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Тасқала ауылдық округі әкімінің 06.09.2018 № 114 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі "Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Тасқала аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2018 жылғы 25 қаңтардағы №41 ұсынысы негізінде және жануарлардың аса жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында, Тасқала ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тасқала ауданы Тасқала ауылдық округінің Бірлік ауылы аумағында мүйiздi iрi-қара мал арасында бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу iс-шаралары белгiленсiн.

      2. Тасқала ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Ж.Калиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Тасқала ауылдық округінің әкімі Ж.Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады