Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы бойынша әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 36 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 17 мамырда № 18689 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 30 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.03.2022 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы бойынша әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бекітілсін.

      2. Экономика салаларын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Р. Дәленов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 13 мамырдағы
№ 36 бұйрығымен бекітілген

Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы бойынша әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Есепті кезең: 20___ жылдың ___ жартыжылдығы

      Индексі: 1 - Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы

      Кезеңділігі: жылына 2 рет

      Деректерді ұсынатындар: Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және

      астананың жергілікті атқарушы органдары

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

      Ұсыну мерзімі: есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 10 күніне дейін

  Нысан

20___жылғы ___ ай кезеңінде өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы бойынша есеп

Жобаның атауы

Жобаның өтініш берушісі

Сала және қызмет түрі (ЭҚЖЖ)

Өңір (аудан немесе қала) және ӘАОК коды

Көрсетілген мемлекеттік қолдау шаралары

Құрылыс кезеңіндегі жұмыс орындары, адам саны

Пайдалану кезеңіндегі жұмыс орындары, адам саны

Инвестициялар көлемі, миллион теңге

Қолдау құралының атауы

Мемлекеттік бағдарлама атауы

Алынған қолдау шарасының көлемі, мың теңге.

Меншікті қаражат, миллион теңге

қарыз қаражаты, миллион теңге

бюджет қаражаты, миллион теңге









1

2

3

4

5

6

7

8





















































      Кестенің жалғасы

Инвестицияларды игеру %

Өндірілетін өнімнің атауы

СЭҚ ТН коды (6 таңба)

Заттай мәндегі қуаты

Құндық мәндегі қуаты

Экспорт (ел)

Заттай мәндегі өндірілген өнім көлемі

Құндық мәндегі өндірілген өнім көлемі, миллион теңге

Заттай мәндегі экспорт көлемі

Құндық мәндегі экспорт көлемі, миллион теңге

Еңбек өнімділігі, адам/ мың теңге

Барлық деңгейлердегі бюджеттерге (РБ және ЖБ) салықтық аударымдар көлемі, миллион теңге

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20









































































      Кестенің жалғасы

Өнімге қолданылатын стандарт туралы мәлімет

Құрылыс кезеңі (жыл)

Объектіні пайдалануға қабылдау актісі (актінің нөмірі мен күні)

Ағымдағы жағдай

21

22

23

24





















      Орындаушы: ____________________________________________       _________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)      қолы


      Басқарма басшысы немесе оның міндетін атқарушы:

      _____________________________________________       _________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)      қолы


      Мөр орны (бар болған жағдайда)


      Ескертпе:

      аббревиатуралардың толық жазылуы

      ЭҚЖЖ – Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші

      ӘАОК – Әкімшілік-аумақтық органның классификаторы

      СЭҚ ТН – Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы

      РБ – Республикалық бюджет

      ЖБ – Жергілікті бюджет

  2019 жылғы " "
№__
Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау
картасы бойынша әкімшілік
деректерді жинауға арналған
нысанға қосымша

Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы бойынша әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы бойынша әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі түсіндірме оны толтыру тәртібін нақтылайды.

      2. Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасының негізгі міндеті өңір деңгейінде индустриялық-инновациялық жүйені мониторингілеу (iске асыру) болып табылады және мемлекеттік қолдау шаралары берілетін, индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде өңдеу өнеркәсібінің басым секторларындағы индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері іске асыратын индустриялық-инновациялық жобалардың жиынтығын білдіреді.

      3. Толтырылған нысанды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 1159 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 7-тармағына сәйкес есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 10 күніне дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне ұсынады.

      4. Көрсеткіштер әкімшілік деректер субъектілері ағымдағы есепті кезеңнің 5 күніне ұсынған нақты деректер бойынша қалыптастырылады.

      5. Нысанға тиісті жергілікті атқарушы органның Басқарма басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      6. Нысанның 1-бағанында жобаның жалпы атауы көрсетіледі.

      7. Нысанның 2-бағанында жобаға өтінім берушісі көрсетіледі.

      8. Нысанның 3-бағанында кәсіпорынның саласы және атауы мен ЭҚЖЖ белгілеу кодын көрсете отырып қызмет түpi көрсетіледі.

      9. Нысанның 4-бағанында өңір (аудан және қала) мен әкімшілік-аумақтық органның классификаторы (ӘАОК) көрсетіледі.

      10. Нысанның 5-бағанында көрсетілген мемлекеттік қолдау шаралары: қолдау құралының атауы, мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілген мемлекеттік бағдарлама, алынған қолдау шарасының көлемі көрсетіледі.

      11. Нысанның 6, 7-бағандарында құрылыс кезеңінде құрылған жұмыс орындары, сондай-ақ пайдалану кезеңіндегі бар жұмыс орындары көрсетіледі.

      12. Нысанның 8, 9-бағандарында бекітілген жобалау-сметалық құжаттама бойынша жалпы құны көрсетіледі, атап айтқанда: меншік қаражат – кәсіпорындардың, ұйымдардың қаражаты; қарыз қаражат – субсидияланған сыйақы мөлшерлемесі түрінде мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде екінші деңгейдегі банктерден алынған қаражат, сондай-ақ сыртқы үкіметтік қарыздарды қоса алғанда, қайтарылатын және қайтарылмайтын негізде республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат және жергілікті атқарушы органдардың қарыз қаражатын қоса алғанда, қайтарылатын және қайтарылмайтын негізде жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражат көрсетіледі, сондай-ақ инвестициялардың игерілуі пайыздық мәнде көрсетіледі.

      13. Нысанның 10-бағанында кәсіпорын өндіретін өнімнің атауы көрсетіледі.

      14. Нысанның 11-бағанында 6 таңба бойынша Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының (СЭҚ ТН) коды көрсетіледі.

      15. Нысанның 12, 13-бағандарында кәсіпорынның заттай және құндық мәндегі өндірістік қуаты көрсетіледі.

      16. Нысанның 15, 16-бағандарында кәсіпорын өндірген өнімнің заттай және құндық мәндегі көлемі көрсетіледі.

      17. Нысанның 14, 17, 18-бағандарында елді көрсете отырып, өнім экспортының заттай және құндық мәндегі көлемі көрсетіледі.

      18. Нысанның 19-бағанында еңбек нәтижелілігін сипаттайтын көрсеткіш көрсетіледі.

      19. Нысанның 20-бағанында барлық деңгейлердегі бюджеттерге (республикалық бюджет және / немесе жергілікті бюджет) салықтық аударымдардың құндық мәндегі жалпы көлемі көрсетіледі.

      20. Нысанның 21-бағанында өнімге қолданылатын стандарт туралы мәлімет (аббревиатура, атауы, қабылданған жылы) көрсетіледі.

      21. Нысанның 22, 23-бағандарында объектіні пайдалануға қабылдау актісінің күні мен нөмірін көрсете отырып құрылыстың кезеңі көрсетіледі.

      22. Нысанның 24-бағанында жобаның ағымдағы жағдайы (кәсіпорын жобаны іске асырудың қандай сатысында) көрсетіледі.

      Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына енгізілген респонденттердің деректерді жинауға арналған есептілікті тапсыру нысанын жергілікті атқарушы органдар EXCEL форматында мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады