"Спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 1 қаңтардағы № 1 және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 17 қаңтардағы № 9 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 582 және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 183 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 28 маусымда № 18917 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 1 қаңтардағы № 1 және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 17 қаңтардағы № 9 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14845 болып тіркелген, 2017 жылғы 10 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықта:

      8-тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

      "10) ішкі істер органдарына қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде көмек көрсету мүмкіндігі бөлігінде тексеруді ұйымдастырады.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. ІІО қызметкерлері жеке күзет ұйымдарының жұмыскерлерімен, ерікті адамдармен, бақылаушылармен, ұйымдастырушылармен бірлесіп мыналарды қамтамасыз етеді:

      1) көрермендердің ұйымдастырылып кіруі;

      2) көрермендерді трибуналарда, залда, секторларда орналастыру;

      3) билеттері және рұқсат қағаздары жоқ азаматтардың, сондай-ақ масаң күйдегі адамдардың кіруіне тыйым салу;

      4) техникалық құралдарды және қызметтік-іздестіру иттерін пайдаланумен тыйым салынған заттарды (спирттік ішімдіктер, жарылғыш заттар, қару-жарақ, шыны ыдыстағы сусындарды және т.б.) өткізу мәніне жеке тұлғаларды, олардың заттарын, көлік құралдарын және өткізілетін жүктерді жеке тексеру;

      5) құрылыс аумағында спирттік, сондай-ақ металл және шыны ыдыста салқындататын сусындарды, пиротехника бұйымдарын және пайдалануы адамдардың өміріне және денсаулығына қауіп төндіруі немесе жеке және заңды тұлғаларға материалдық зиян келтіруі мүмкін өзге заттарды сату фактілерінің алдын алу бойынша шаралар қабылданады.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Көп азаматтардың қатысуымен бұқаралық іс-шаралар өткізу кезінде ЖАО ІІО-мен бірлесіп, жақын аумақта кептеліске (автомобиль кептелісі) және көлік құралдарының жиналуына жол бермеу мақсатында бұқаралық іс-шара өткізу аумағында қозғалысты шектейді, көрермендерді арнайы автобустармен жөнелту пункттерінің жұмысын ұйымдастырады және оларға патрульдік автомашиналардың ілесіп жүруін қамтамасыз етеді.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Бұқаралық іс-шара аяқталғаннан кейін учаскенің аға қызметшілері және жасақшалар жеке күзет ұйымдарының жұмыскерлерімен, ерікті адамдармен, бақылаушылармен, ұйымдастырушылармен бірлесіп азаматтардың жиналуына, итеруіне, құлауына және олардың арасында үрейдің пайда болуына жол бермей, олардың баспалдақпен біркелкі және кезек-кезекпен қозғалысы үшін бір уақытта негізгі шығатын жерге апаратын кіреберісте қауіпсіз жерде адамдар тобын ұстап тұрып, көрермендердің еркін қозғалысын қамтамасыз ете отырып, олардың спорттық, мәдени және өзге құрылыстан шығуын ұйымдастырады.";

      23-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      2) бұқаралық іс-шараға қатысушыларды, ІІО қызметкерлерін (қонақтар командаларының жанкүйерлері, сондай-ақ едәуір белсенді жанкүйерлер топтары орналасатын трибунаның жанында), қызмет көрсететін персоналды орналастыруға арналған жерлердің, жалпы пайдалану жерлерінің, ареналар мен аумақтың бар болуын, тиісті ұстауды және жабдықталуын, өрт сөндіру құралдарының дайындығын;";

      мынадай мазмұндағы 24-тармақпен толықтырылсын:

      "24. Бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырушылар көрермендердің және (немесе) қатысушылардың спорттық алаңға (манежге) кенеттен шығуына жол бермеу үшін жеке күзет ұйымдарының жұмыскерлерін, еріктілерді және бақылаушыларды жұмылдырған жағдайда оларды спорт алаңының периметрі (манежі) бойынша (спорт алаңына арқасымен тұрады) қоюды қамтамасыз етеді.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулыққа қосымшада:

      6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қоғамдық тәртіп (қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуде полиция қызметкерлеріне көмек көрсету үшін жұмылдырылатын жеке күзет ұйымдары жұмыскерлерінің, еріктілердің және бақылаушылардың саны (оларды жұмылдырған жағдайда)_________________________".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады