Ақпарат, діни қызмет, азаматтық қоғам, жастар және отбасы саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 11 қазандағы № 394 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 16 қазанда № 19478 болып тіркелді

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 139-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған ақпарат, діни қызмет, азаматтық қоғам, жастар және отбасы саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің және Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Персоналды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр Д. Абаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму
министрінің
2019 жылғы 11 қазандағы
№ 394 бұйрығымен
бекітілген

Ақпарат, діни қызмет, азаматтық қоғам, жастар және отбасы саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі

Буын

Саты

Лауазымдардың атауы

А блогы (басқарушы персонал)

 
А1

1

Республикалық маңызы бар ММ басшылары

1-1

Республикалық маңызы бар ММ басшыларының орынбасарлары

2

Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) ММ, КММ, МКҚК басшылары

2-1

Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) ММ, КММ, МКҚК басшыларының орынбасарлары

3

Аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қалалардың) ММ, КММ, МКҚК басшылары

3-1

Аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қалалардың) ММ, КММ, МКҚК басшыларының орынбасарлары

 
А2

1

Республикалық маңызы бар ММ Әкімшілік-қаржылық басқармасының басшысы

Республикалық маңызы бар ММ басшыларының әкімшілік-шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасарлары

Республикалық маңызы бар ММ-нің бас бухгалтері

Республикалық маңызы бар ММ-нің ғылыми хатшысы

2

Республикалық маңызы бар ММ басқармасының басшысы

Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) ММ, КММ, МКҚК-дегі басшылардың әкімшілік-шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасарлары

Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) ММ, КММ, МКҚК-нің бас бухгалтері

3

Аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қалалардың) ММ, КММ, МКҚК-дегі басшылардың әкімшілік-шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасарлары

Аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қалалардың) ММ, КММ, МКҚК-нің бас бухгалтері

 
А3

1

Республикалық маңызы бар ММ-нің бөлім басшылары

2

Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) ММ, КММ, МКҚК-нің бөлім басшылары

3

Аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қалалардың) ММ, КММ, МКҚК-нің бөлім басшылары

B блогы (негізгі персонал)

 
В1

1

Бас ғылыми қызметкер

2

Жетекші ғылыми қызметкер
Бас сарапшы

3

Аға ғылыми қызметкер
Жетекші сарапшы

4

Ғылыми қызметкер
Аға сарапшы
Кеңесші

5

Кіші ғылыми қызметкер
Сарапшы

Өзге де салалар

 
В2

1

Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман: психолог

2

Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман: психолог

3

Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман: психолог

4

Біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандар: дінтанушы, теолог, әлеуметтанушы, психолог

В3

4

Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар: дінтанушы, теолог

C блогы (әкімшілік персонал)

 
С2


Біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: архивист, бухгалтер, статистик, кадрлар жөніндегі инспектор, мемлекеттік сатып алу жөніндегі инспектор, іс жүргізу жөніндегі инспектор, механик, аудармашы, референт, экономист, заңгер, бағдарламашы, кітапханашы, жұртшылықпен байланыс жөніндегі маман, барлық мамандықтағы инженерлер, әдіскер.

 
С3


1) Біліктілігі орта деңгейдегі мамандар: архивист,, кітапханашы, бухгалтер, статистик, нұсқаушы, кадрлар жөніндегі инспектор, мемлекеттік сатып алулар жөніндегі инспектор, іс жүргізу жөніндегі инспектор, менеджер, механик, аудармашы, референт, экономист, заңгер кеңесші, барлық атаудағы техниктер, бағдарламашы, барлық мамандықтағы инженерлер.

2) Мемлекеттік мекеменің әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсетумен айналысатын құрылымдық бөлімшесінің басшысы: кеңсе, қойма, шаруашылық, қазандық, мұрағат, кітапхана.

D блогы (қосалқы персонал)

 
D


Техникалық орындаушылар: архивариус, ассистент, кезекші әкімші, іс жүргізуші, күзетші, хатшы, хатшы – стенографшы, стенографшы, механик: компьютерлік техника (бағдарламалар), компьютерлік құрылғыларға қызмет көрсету жөніндегі, көшіру-көбейту машиналарының операторы.

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      Аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қалалардың) КММ – аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы коммуналдық мемлекеттік мекемелер;

      Аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қалалардың) МКҚК – аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар;

      Аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қалалардың) ММ – аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы мемлекеттік мекемелер;

      Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) КММ – облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы коммуналдық мемлекеттік мекемелер;

      Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) МКҚК – облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар;

      Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) ММ – облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы мемлекеттік мекемелер;

      Республикалық маңызы бар ММ – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелер.

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму
министрінің
2019 жылғы 11 қазандағы
№ 394 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің және Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 20 шілдедегі № 47 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14098 болып тіркелген, 2016 жылғы 25 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. "Діни қызмет саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2017 жылғы 14 қарашадағы № 154 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16062 болып тіркелген, 2017 жылғы 22 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      3. "Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 20 шілдедегі № 47 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 535 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18067 болып тіркелген, 2019 жылғы 8 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады