Целиноград аудандық мәслихатының 2017 жылғы 23 қазандағы № 146/20-6 "Целиноград ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2019 жылғы 30 шілдедегі № 338/48-6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 12 тамызда № 7319 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 шілдедегі № 428/64-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 10.07.2020 № 428/64-6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Целиноград аудандық мәслихатының "Целиноград ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 23 қазандағы № 146/20-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6154 болып тіркелген, 2017 жылғы 10 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Целиноград ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      2-тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "8) уәкілетті ұйым – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;";

      2-тармақтың 9) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Целиноград ауданының тиісті әкімшілік-әумақтық бірліқ әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;";

      4-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "4. Осы қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде уәкілетті орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.";

      мынадай мазмұндағы 5-1 тармақмен толықтырылсын:

      "5-1. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.";

      мынадай мазмұндағы 7-тармақ 4), 5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "4) Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні – 15 ақпан;";

      "5) Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні – 29 тамыз.";

      8-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "8. Әлеуметтік көмек алушылардың келесі санаттарына беріледі:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға;

      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына;

      Ауғанстандағы соғыс қимылдарына қатысушыларға;

      Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға;

      ең төмен зейнетақыны алатын зейнеткерлерге;

      1, 2, 3-топтағы мүгедектерге, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға, соның ішінде ата-анасының (заңды өкілдеріне);

      көп балалы отбасыларға;

      көп балалы аналарға;

      әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын адамдарға (туберкулезбен, онкологиялық аурулармен);

      ауылдық елді мекендерде тұратын аз қамтылған және көп балалы отбасылардың колледждерде және жоғары медициналық оқу орындарында ақы төлеу негізінде күндізгі оқу формасы бойынша оқитын студенттеріне;

      табиғи апат немесе өрттің салдарынан зардап шеккен, мүлкіне нұқсан келген азаматқа (отбасына);

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға;

      пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға.

      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейіне бір еселік қатынас шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың бар болуы негіздеме болып табылады.";

      9-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "9. Әлеуметтік көмек көрсетіледі:

      1) 9 мамыр - Жеңіс күніне:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, бір рет;

      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына, бір рет;

      2) Қарт адамдар күніне:

      ең төмен зейнетақыны алатын зейнеткерлерге, бір рет;

      3) Мүгедектер күніне:

      1, 2, 3-топтағы мүгедектерге, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға, жылына бір рет;

      4) Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне:

      Ауғанстандағы соғыс қимылдарына қатысушыларға, бір рет;

      5) Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күніне:

      Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға, бір рет;

      6) табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын көп балалы отбасыларға, жылына бір рет он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, облыстың жергілікті атқарушы органымен келісім бойынша;

      7) анықталған жағдайларға байланысты, әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматқа (отбасына) өмірлік қиын жағдай туындағаннан кейін үш айдан кешіктірмей өтініш берілгенде, кірісіне қарамастан, жылына бір рет:

      онкологиялық аурулармен ауыратын, онкологиялық стационар жағдайда арнайы ем қабылдаудағы адамдарға он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      туберкулезбен ауыратындарға амбулаторлық емделу мерзіміне он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      ауылдық елді мекендерде тұратын аз қамтылған және көп балалы отбасылардың колледждерде ақы төлеу негізінде күндізгі оқу формасы бойынша оқитын студенттеріне оқуын төлеуге арналған білім беру мекемесімен жасасқан келісім шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі, оқу орнынан берілген анықтама, өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жататынын растайтын анықтаманың немесе көп балалы отбасы мәртебесін растайтын құжатының көшірмесі, өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру актісі, учаскелік комиссия қорытындысы, төлем туралы түбіртектер негізінде жылдық оқу құнының жүз пайыздық мөлшерінде;

      ауылдық елді мекендерде тұратын аз қамтылған және көп балалы отбасылардың жоғары медициналық оқу орындарында ақы төлеу негізінде күндізгі оқу формасы бойынша оқитын студенттеріне оқуын төлеуге арналған уәкілетті орган, жоғары медициналық оқу орны және алушының арасында жасалған үш жақты келісім шарттың, оқу орнынан берілген анықтаманың, өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жататынын растайтын анықтаманың немесе көп балалы отбасы мәртебесін растайтын құжатының көшірмесі, өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру актісі, учаскелік комиссия қорытындысы негізінде жылдық оқу құнының мөлшерінде;

      табиғи апат немесе өрттің салдарынан зардап шеккен, мүлкіне нұқсан келген азаматқа (отбасына) отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      8) коммуналдық қызмет шығындары үшін өтініш берусіз уәкілетті ұйыммен ұсынылған тізімдерінің негізінде:

      екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына, ай сайын, бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      9) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, Ұлы Отан соғысының қатысушылары теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына, ең төмен зейнетақыны алатын зейнеткерлерге, 1, 2, 3-топтағы мүгедектерге, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға, соның ішінде ата-анасының (заңды өкілдерінің) біреуіне ұсынылады, көп балалы отбасыларға, көп балалы аналарға - қала маңындағы жолаушылар көлігінде жол жүруге төлем төлеуден босату түрінде.";

      мынадай мазмұндағы 9-1, 9-2 тармақтармен толықтырылсын:

      "9-1. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөршері облыстың жергілікті атқарушы органымен келісімі бойынша бірынғай мөлшерде белгіленеді.";

      "9-2. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оңы әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.";

      10-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "10. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша Целиноград ауданының әкімдігі бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.";

      11-тармақта:

      "ауылдық округтің әкіміне" сөздері "ауыл, ауылдық округтің әкіміне" сөздерімен ауыстырылсын;

      13-тармақта:

      "ауылдық округтің әкімі" сөздері "ауыл, ауылдық округтің әкімі" сөздерімен ауыстырылсын;

      14-тармақта:

      "ауылдық округ әкіміне", "ауылдық округ әкімі" сөздері "ауыл, ауылдық округ әкіміне", "ауыл, ауылдық округ әкімі" сөздерімен ауыстырылсын;

      17-тармақта:

      "ауылдық округ әкімінен" сөздері "ауыл, ауылдық округ әкімінен" сөздерімен ауыстырылсын;

      19-тармақта:

      "ауылдық округтің әкімінен" сөздері "ауыл, ауылдық округтің әкімінен" сөздерімен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Целиноград аудандық
мәслихаты сессиясының
төрағасы
Ғ.Қойлыбаев
      Целиноград аудандық
мәслихатының хатшысы
Б.Ибраев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Целиноград ауданының әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады