Ақтөбе облысы әкімдігінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 423 "Ірі елді мекендер шекарасындағы (Ақтөбе, Алға, Қандыағаш, Мәртөк) Елек өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 462 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 20 қарашада № 6473 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39-бабына, 116-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 "Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын бекiту туралы" Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 тіркелген бұйрығына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 423 "Ірі елді мекендер шекарасындағы (Ақтөбе, Алға, Қандыағаш, Мәртөк) Елек өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3475 тіркелген, 2012 жылғы 27 желтоқсанда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ірі елді мекендер шекарасындағы (Ақтөбе, Алға, Қандыағаш, Мәртөк) Елек өзені мен оның салаларының су қорғау аймақтары мен белдеулерін бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Бекітілген жобаның негізінде, ірі елді мекендер шекарасындағы (Ақтөбе, Алға, Қандыағаш, Мәртөк) Елек өзені мен оның салаларының су қорғау аймақтары мен белдеулері;

      ірі елді мекендер шекарасындағы (Ақтөбе, Алға, Қандыағаш, Мәртөк) Елек өзені мен оның салаларының су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шаруашылық пайдалану режимі, осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Ақтөбе қаласының, Мұғалжар, Алға мен Мәртөк аудандарының әкімдеріне және пайдалануында құжаттаманы ірі елді мекендер шекарасындағы (Ақтөбе, Алға, Қандыағаш, Мәртөк) Елек өзені мен оның салаларының су қорғау аймақтары және белдеулері шегінде орналасқан жер алқаптары бар кәсіпорындардың, ұйымдардың және басқа да шаруашылық жүргізуші нысандардың басшыларына олардың ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан:

      бекітілген жобаға сәйкес су қорғау аймақтары және белдеулерінің шегінде орналасқан және олардың жай-күйіне зиянды әсер ететін нысандарды шығару немесе жою жөнінде жұмыстар жүргізу;

      олардың тиісті санитарлық күйде күтіп ұсталуын, шаруашылықта пайдалану режимінің сақталуын, сондай-ақ су қорғау белгілерінің сақтығын қамтамасыз ету ұсынылсын.";

      қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ірі елді мекендер шекарасындағы (Ақтөбе, Алға, Қандыағаш, Мәртөк) Елек өзені мен оның салаларының су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шаруашылық пайдалану режимі".

      2. "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны, оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі О. Уразалин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады