Шектеу іс-шараларын алу және Әйтеке би ауданы Әйке ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 14 мамырдағы № 14 "Әйтеке би ауданы Әйке ауылдық округі Әйке ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Әйке ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 14 мамырдағы № 6 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 15 мамырда № 6141 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Әйтеке би аудандық аумақтық инспекция басшысының 2019 жылдың 25 сәуірдегі № 2-7/57 ұсынысына сәйкес, Әйке ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Әйтеке би ауданы Әйке ауылдық округі Әйке ауылы аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасында сарып ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.

      2. Әйтеке би ауданы Әйке ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 14 мамырдағы № 14 "Әйтеке би ауданы Әйке ауылдық округі Әйке ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-2-156 болып тіркелген, 2018 жылғы 21 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Әйке ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы шешімді Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әйке ауылдық округінің әкімі: Н.Б. Алипбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады