Шектеу іс-шараларын алу және Алға ауданы Ақай ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 01 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Алға ауданы Ақай ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 5 сәуірдегі № 7 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 8 сәуірде № 6068 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алға аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 28 ақпандағы № 2-6-04/41 ұсынысына сәйкес, Ақай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алға ауданы Ақай ауылдық округі Қабаш-Тоғай қыстағында орналасқан "Абылай" шаруа қожалығында, мүйізді ірі қара малдары арасынан құтырма ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.

      2. Алға ауданы Ақай ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 01 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-3-194 болып тіркелген, 2019 жыл 18 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын деп танылсын.

      3. "Ақай ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Ақай ауылдық округінің әкімі Ә.І. Сәрсен

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады