Шектеу іс-шараларын алу және Алға ауданы Маржанбұлақ ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 3 қыркүйектегі № 355 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Алға ауданы Маржанбұлақ ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 18 қаңтардағы № 11 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Алға аудандық Әділет басқармасында 2019 жылғы 23 қаңтарда № 3-3-199 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алға аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 2-6-04/236 ұсынысына сәйкес, Маржанбұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алға ауданы Маржанбұлақ ауылдық округі Қайыңдысай ауылында орналасқан "Нұр-Ай" шаруа қожалығында, мүйізді ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.

      2. Алға ауданы Маржанбұлақ ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 3 қыркүйектегі № 355 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-3-177 болып тіркелген, 2018 жыл 11 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын деп танылсын.

      3. "Маржанбұлақ ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді "Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Алға ауданының әділет басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Маржанбұлақ ауылдық округінің әкімі Ж.М. Шабаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады