Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Алға ауданы Маржанбұлақ ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 3 қыркүйектегі № 355 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Алға аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 5 қыркүйекте № 3-3-177 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға ауданы Маржанбұлақ ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 18 қаңтардағы № 11 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға ауданы Маржанбұлақ ауылдық округі әкімінің 18.01.2019 № 11 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алға аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылдың 1 тамыздағы № 6-10/151 ұсынысына сәйкес, Маржанбұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алға ауданы Маржанбұлақ ауылдық округі Қайыңдысай ауылында орналасқан "Нұр-Ай" шаруа қожалығы аумағында мүйізді ірі қара малдары арасында бруцеллез анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Маржанбұлақ ауылдық округінің әкімі Ж.М. Шабаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады