Жарық ауылдық округінің Қырғыбаз қыстағында орналасқан "Майлыбай" шаруа қожалығы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жарық ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 7 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 19 желтоқсанда № 6561 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жарық ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жарық ауылдық округі әкімінің 29.04.2020 № 5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10–1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау Комитетінің Қобда аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық –санитариялық инспекторының 2019 жылғы 7 наурыздағы № 2-10-3/73 ұсынысы негізінде, Жарық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ірі мүйізді қара малының арасында инфекциялық анаэробтық энтертоксимияның анықталуына байланысты, Жарық ауылдық округінің Қырғыбаз қыстағында орналасқан "Майлыбай" шаруа қожалығы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Жарық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін, Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Е. Имангазин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады