Мәртөк ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 112 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 4 сәуірде № 6060 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 9 наурыздағы № 42 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы әкімдігінің 09.03.2021 № 42 қаулысымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына және 62 бабының 6 тармағына сәйкес, Мәртөк ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мәртөк ауданы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Мәртөк аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулыны Мәртөк ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары И. Еспағанбетовке жүктелсiн.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ж. Баирханов

  Мәртөк ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 112 қаулысына қосымша

Мәртөк ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының атауы

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарындағы ата-ана төлемақысының бір күнге мөлшері (теңге)

Балабақша

Балабақша

Балабақша

1

Мәртөк ауылы





"Мәртөк ауданының Мәртөк ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "№1 "Тополек" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

147

28 662

300


"Мәртөк ауданының Мәртөк ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "№2 "Айгөлек" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

80

27 695

300


"Мәртөк ауданының Мәртөк ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "№3 "Айналайын" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

25

65 423

300


"Мәртөк ауданының Мәртөк ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "№6 "Қарлығаш" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

80

27 681

300


"Дастан 2016" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "Нұрсәт" жеке балабақшасы

200

27 236

300

2

Қызылжар ауылы





"Мәртөк аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№4 "Балдырған" бөбек-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

40

27 236

250

3

Саржансай ауылы





"Мәртөк аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№5 "Балбөбек" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

70

31 509

250

4

Родниковка ауылы





"Мәртөк аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№7 "Таңшолпан" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

55

42 833

250


"Аслан – Али" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "Хадиша" жеке балабақшасы

40

27 236

250

5

Қаратаусай ауылы





"Мәртөк аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№8 "Болашақ" бөбек-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

40

27 236

250

6

Жайсаң ауылы





"Мәртөк ауданының Жайсаң ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "№9 "Шапағат" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

100

28 720

300


Жеке кәсіпкер "Каденова Нургуль Уалиевна" "Мансұр" жеке балабақшасы

40

27 236

300

7

Қаратоғай ауылы





"Мәртөк аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№10 "Еркемай" бөбек-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

50

27 236

250

8

Хазірет ауылы





"Мәртөк аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№11 "Балауса" бөбек-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

40

28 507

250

9

Сарыжар ауылы





"Мәртөк ауданының Сарыжар ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "№12 "Бәйтерек" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

100

19 354

300


"НұрАй бөбек" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "НұрАйБөбек" жеке балабақшасы

110

27 236

300


"Мансур 2016" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "Кәусар" жеке балабақшасы

75

27 236

300


"Дисней клуб" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "Дисней клуб" жеке балабақшасы

50

27 236

300

10

Достық ауылы





"Аслан – Али" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "Достық" жеке балабақшасы

30

27 236

250

11

Кеңсахара ауылы





"SaidKhan" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "Саид" жеке балабақшасы

40

27 236

250

12

Қазан ауылы





"Аслан – Али" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "Томирис" жеке балабақшасы

40

27 236

250


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады