Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Мәртөк ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 11 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 24 желтоқсанда № 6600 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Мәртөк ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 15 шілдедегі № 7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Мәртөк ауылдық округі әкімінің 15.07.2020 № 7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мәртөк аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 6 желтоқсандағы № 2-11-3/1639 ұсынысының негізінде, Мәртөк ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәртөк ауылдық округінің Құмсай ауылының Қамбар Медетов көшесі бойынша № 1, № 2, № 3, № 7, № 9, № 11, № 13, № 15, № 19 үйлерде мүйізді ірі қара малдары арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Мәртөк ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Мәртөк ауданы әкімдігінің интернет ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Мәртөк ауылдық округінің әкімі А. Айтмагамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады