Шектеу іс-шараларын алу және Мәртөк ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 11 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Мәртөк ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 15 шілдедегі № 7 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 16 шілдеде № 7310 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Мәртөк аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 30 маусымдағы № 2-11-3/1019 ұсынысы негізінде, Мәртөк ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәртөк ауылдық округінің Құмсай ауылының Қамбар Медетов көшесі бойынша № 1, № 2, № 3, № 7, № 9, № 11, № 13, № 15, № 19 үйлерде мүйізді ірі қара малдары арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.

      2. Мәртөк ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 11 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6600 тіркелген, 2019 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Мәртөк ауданының Мәртөк ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Мәртөк ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мәртөк ауылдық округінің әкімі А. Айтмагамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады