Мұғалжар ауданы Ащысай ауылдық округінің Ақсу ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ащысай ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 4 желтоқсандағы № 7 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 5 желтоқсанда № 6517 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ащысай ауылдық округінің әкімінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № 16 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ащысай ауылдық округінің әкімінің 20.12.2020 № 16 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мұғалжар аудандық аумақтық инспекция басшысының 2019 жылғы 26 қарашадағы № 2-12-4/208 ұсынысы негізінде, Ащысай ауылдық округінің әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мүйізді ірі қара малдары арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Мұғалжар ауданы Ащысай ауылдық округінің Ақсу ауылы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Мұғалжар ауданы Ащысай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім міндетін атқарушы А. Самрат

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады