Шектеу іс-шараларын алу және Шығырлы ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 04 қаңтардағы № 1 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Темір ауданы Шығырлы ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 7 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 1 сәуірде № 6025 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Темір аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық санитариялық инспекторының 2019 жылғы 22 ақпандағы № 2-14-17/63 ұсынысы негізінде, Шығырлы ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шығырлы ауылдық округі, Шығырлы ауылы аумағына ұсақ мүйізді малдарының арасынан пастереллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.

      2. Шығырлы ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 04 қаңтардағы № 1 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-10-235 болып тіркелген, 2019 жылғы 16 қаңтарда № 3 "Темір" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Шығырлы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысы Әділет департаментінде тіркеуді;

      2) осы шешімді мерзімді баспа басылымында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шығырлы ауылдық округінің әкімі С. А. Кадыров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады