Қайыңды ауылдық округінің Бабатай ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Темір ауданы Қайынды ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 7 маусымдағы № 2 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 10 маусымда № 6244 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы Қайыңды ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 26 қарашадағы № 14 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы Қайыңды ауылдық округі әкімінің 26.11.2020 № 14 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті Темір аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бас инспекторының 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 2-14-4/99 ұсынысы негізінде Қайыңды ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қайыңды ауылдық округінің Бабатай ауылы аумағында мүйізді ірі қара малдары арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Ақтөбе облысы Темір ауданы Қайыңды ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің этоландық бақылау банкінде электрондық түрде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы шешімді Темір ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орыналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қайыңды ауылдық округінің әкімі Р. Рашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады