Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қараой ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 1 тамыздағы № 10 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 1 тамызда № 6316 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қараой ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қараой ауылдық округі әкімінің 21.04.2020 № 4 шешімімен (алғашқы жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ойыл аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылдың 10 шілдедегі № 2-13/51 ұсынысы негізінде, Қараой ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мүйізді ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Ойыл ауданы Қараой ауылдық округінің Құбасай елді мекенінде орналасқан "Батыр" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Қараой ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы шешімді Ойыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қараой ауылдық округінің әкімі С. Займолдин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады