Шектеу іс-шараларын алу және Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 26 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 7 наурыздағы № 6 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 11 наурызда № 5988 болып тіркелді

      Ескерту. Қазақ тіліндегі шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі әкімінің 06.05.2019 № 8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ойыл аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық - санитарлық инспекторының 2019 жылғы 05 ақпандағы № 2-13/19 ұсынысы негізінде, Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округ әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ірі қара және ұсақ малдарының арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі Қаратал ауылы аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.

      2. Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 26 "Шектеу іс - шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5778 тіркелген, 2017 жылдың 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округ әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облыстық Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шығанақ Берсиев атындағы
ауылдық округі әкімінің
міндетін атқарушы
А.Ж. Избасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады