Шектеу іс–шараларын алу және Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 13 ақпандағы № 4 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 8 қазандағы № 22 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 9 қазанда № 6406 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ойыл аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының 2019 жылғы 5 қыркүйектегі № 2–13-/59 ұсынысы негізінде, Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округінің "Али" шаруа қожалығының аумағында мүйізді ірі қара малдары арасынан жұқпалы бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс–шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.

      2. Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 13 ақпандағы № 4 "Шектеу іс–шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-11-161 болып тіркелген, 2019 жылғы 30 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округінің әкімі А. Избасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады