Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Саралжын ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 26 ақпандағы № 2 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 28 ақпанда № 5973 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Саралжын ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Саралжын ауылдық округі әкімінің 27.01.2020 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10–1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ойыл аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылдың 25 қаңтарындағы № 2-13/13 ұсынысы негізінде, Саралжын ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мүйізді ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауыруының анықталуына байланысты, Саралжын ауылдық округінің "Тассай" қыстағында орналасқан "Сәттібек" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Саралжын ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы шешімді Ойыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Саралжын ауылдық округінің әкімі А. Мубараков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады