Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Абай ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 6 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 24 шілдеде № 6292 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Абай ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Абай ауылдық округі әкімінің 20.01.2020 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Хромтау аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2019 жылғы 09 шілдедегі № 15-4/737 ұысынысы негізінде, Абай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мүйізді ірі қара малдың арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Хромтау ауданының Абай ауылдық округі Жылқыбазы нүктесінде орналасқан "Жантизер" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Абай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы шешімді Хромтау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Абай ауылдық округінің әкімі А. Мустафин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады