Шектеу іс-шараларын алу және Хромтау ауданы Абай ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 6 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Абай ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 1 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 22 қаңтарда № 6775 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Хромтау аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 15-2/1374 ұысынысы негізінде, Абай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Хромтау ауданының Абай ауылдық округі Жылқыбазы нүктесінде орналасқан "Жантизер" шаруа қожалығында, мүйізді ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.

      2. Хромтау ауданы Абай ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 6 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6292 тіркелген, 2019 жылғы 25 шілдеде аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Абай ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Хромтау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Ауылдық округ әкімі
      А. Мустафин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады