Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Айшуақ ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 7 ақпандағы № 4 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Шалқар аудандық Әділет басқармасында 2019 жылғы 8 ақпанда № 3-13-233 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Айшуақ ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 6 мамырдағы № 6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Айшуақ ауылдық округі әкімінің 06.05.2019 № 6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шалқар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 16-8/05 ұсынысы негізінде, Айшуақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жануарлар арасынан құтыру ауруы анықталуына байланысты, Айшуақ ауылдық округі Бегімбет ауылының Е. Көтібарұлы көшесінің аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Айшуақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Шалқар аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін;

      3) осы шешімді Шалқар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Айшуақ ауылдық округінің әкімі О.Ә. Әбшанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады