Шектеу іс-шараларын алу және Айшуақ ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 7 ақпандағы № 4 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Айшуақ ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 6 мамырдағы № 6 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 14 мамырда № 6136 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Шалқар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2019 жылғы 09 сәуірдегі № 16-8/61 ұсынысы негізінде, Айшуақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Айшуақ ауылдық округінің Бегімбет ауылы Е. Көтібарұлы көшесінің аумағында жануарлар арасында құтыру ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.

      2. Айшуақ ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 7 ақпандағы № 4 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-13-233 тіркелген, 2019 жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрдегі эталондық бақылау банкiнде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Айшуақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы шешімді Шалқар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Айшуақ ауылдық округінің әкімі О.Ә. Әбшанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады