"2019 жылға Т. Рысқұлов ауданының елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету туралы" Жамбыл облысы Т. Рысқұлов аудандық мәслихатының 2019 жылдың 04 наурыздағы № 38-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Т. Рысқұлов аудандық мәслихатының 2019 жылғы 24 қазандағы № 46-5 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 29 қазанда № 4379 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Қазақстан Республика Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республика Үкіметінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 359 қаулысының 2-ші тармағына сәйкес, Т. Рысқұлов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "2019 жылға Т. Рысқұлов ауданының елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету туралы" Жамбыл облысы Т. Рысқұлов аудандық мәслихатының 2019 жылғы 04 наурыздағы № 38-7 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4139 болып тіркелген, 2019 жылдың 29 мамырында Қазақстан Республикасы электрондық түрдегі нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) 1 тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы болып айқындалсын;".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау және интернет ресурстарында жариялауды аудандық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрайымы Э. Закимбаева
      Аудандық мәслихат хатшысы Т. Джаманбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады