Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Нұра ауданы Егінді ауылының әкімінің 2019 жылғы 15 қазандағы № 2 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 18 қазанда № 5501 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, Егінді ауылының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ірі қара малдың арасынан бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шараларды жүргізумен байланысты, Егінді ауылының аумағында шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Егінді ауылы әкімінің 2019 жылғы 12 маусымдағы № 1 "Егінді ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5383 болып тіркелген, 2019 жылғы 22 маусымдағы № 23 (5620) "Нұра" газетінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкісінде 2019 жылы 19 маусымда электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл әкімі М. Бастенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады