Қармақшы ауданында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифін белгілеу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 986 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 16 шілдеде № 6847 болып тіркелді

      "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қармақшы ауданында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтері қосымшаға сәйкес белгіленсін

      2. Қармақшы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 23 тамыздағы "Қармақшы ауданында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифін белгілеу туралы" №314 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылғы 20 қыркүйекте №5604 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қармақшы ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қармақшы ауданы әкімінің міндетін
уақытша атқарушы
Ә.Қошалақов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қармақшы аудандық
мәслихатының хатшысы
М.Наятұлы

  Қармақшы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "12" шілдедегі № 986 қаулысына қосымша

Қармақшы ауданында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтері

Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттары

Тарифтік бағасы (теңге)

1

Жосалы кенті – Т.Көмекбаев ауылы

800

2

Жосалы кенті – Алдашбай Ахун ауылы

500

3

Жосалы кенті – ІІІ-Интернационал ауылы

400

4

Жосалы кенті – Дүр-Оңғар ауылы

400

5

Жосалы кенті – Иіркөл ауылы

300

6

Жосалы кенті – Тұрмағанбет ауылы

500

7

Жосалы кенті – Ақжар ауылы

500

8

Жосалы кенті –Төретам кенті

400

9

Жосалы кенті – Қармақшы ауылы

200

10

Жосалы кентінің №1, №2 маршруттары

70

11

Жосалы кентінің №1, №2 маршруттары (6 жастан 17 жасқа дейінгі балалар үшін)

35


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады