Арқалық қаласы Жаңақала ауылында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Қостанай облысы Арқалық қаласы Жаңақала ауылы әкімінің 2019 жылғы 14 қарашадағы № 03 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 27 қарашада № 8782 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Арқалық қалалық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 25 шілдедегі № 01-20/819 ұсынысы негізінде Арқалық қаласы Жаңақала ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы Арқалық қаласы Жаңақала ауылында және оның аумағындағы "Марал", "Бауыржан-А", "Тоқа", "Жарас", "Кәкен", "Молдағұл", "Нұргелді", "Қоныс" шаруа қожалықтарында ірі қара малдың бруцеллез ауруы бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Жаңақала ауылы әкімінің "Арқалық қаласы Жаңақала ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2019 жылғы 6 ақпандағы № 1 шешімінің (2019 жылғы 19 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8255 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Арқалық қаласы Жаңақала ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл әкімі Т. Байгукин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады