Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Қ. Тұрғымбаев ауылы әкімінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 14 мамырда № 8423 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Қ.Тұрғымбаев ауылы әкімінің 2019 жылғы 27 қыркүйектегі № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Қ. Тұрғымбаев ауылы әкімінің 27.09.2019 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Әулиекөл аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2019 жылғы 1 сәуірдегі № 01-23/99 ұсынысы негізінде, Әулиекөл ауданы Қ. Тұрғымбаев ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Қ. Тұрғымбаев ауылында Ермұханов Сайранхан Қабдыбекұлының жеке ауласы аумағындағы ірі қара малының құтыруы бойынша қолайсыз деп жариялануына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Әулиекөл аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Қостанай облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Әулиекөл аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.

      3. "Қ. Тұрғымбаев ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қ. Тұрғымбаев ауыл әкімі М. Досмұрзин

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау Министрлігі

      Қоғамдық денсаулық сақтау

      комитетінің Қостанай облысы

      қоғамдық денсаулық сақтау

      департаментінің Әулиекөл

      аудандық қоғамдық денсаулық

      сақтау басқармасы" республикалық

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ____________ Е. Ғ. Дуйсенов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      Ветеринариялық бақылау және

      қадағалау комитетiнiң

      Әулиекөл аудандық аумақтық

      инспекциясы" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      _____________ А. Т. Тайшыбаев

      КЕЛІСІЛДІ

      "Әулиекөл ауданы әкімдігінің

      ветеринария бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ____________ С. Ж. Туралин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады