Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Қ.Тұрғымбаев ауылының аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Қ.Тұрғымбаев ауылы әкімінің 2019 жылғы 27 қыркүйектегі № 2 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 4 қазанда № 8688 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Әулиекөл аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2019 жылғы 12 шілдедегі № 01-23/196 ұсынысы негізінде Қ.Тұрғымбаев ауылы әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Қ.Тұрғымбаев ауылында Ермұханов Сайранхан Қабдыбекұлының жеке ауласы аумағындағы ірі қара малының құтыруы бойынша қолайсыз деп жариялануына шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Қ.Тұрғымбаев ауылы әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2019 жылғы 13 мамырдағы № 1 шешімінің (2019 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8423 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Қ.Тұрғымбаев ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл әкімінің м. а. Б. Калиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады