Мәслихаттың 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 21 "Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзуді қосымша реттеу туралы қағидаларды бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2019 жылғы 20 қарашадағы № 264 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 25 қарашада № 8772 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың "Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзуді қосымша реттеу туралы қағидаларды бекіту туралы" 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 21 шешімінің (2016 жылғы 24 мамырда "Біздің Торғай" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6339 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы К. Ордабаев
      Жангелдин аудандық мәслихатының хатшысы С. Нургазин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады