Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарасу ауданы Черняев ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 15 мамырда № 8432 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы Черняев ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы Черняев ауылдық округі әкімінің 29.03.2019 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес және Қарасу ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 16 сәуірдегі № 01-21/103 ұсынысы негізінде Черняев ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы Қарасу ауданы Черняев ауылдық округі Тучковка ауылының аумағында орналасқан "Кемел-Қарасу" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мал шаруашылығының фермасы аумағына мүйізді ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Қарасу ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Қарасу аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Қостанай облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Қарасу аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.

      3. "Черняев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Черняев ауылдық округінің әкімі Б. Айтбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау

      министрлігі Қоғамдық

      денсаулық сақтау

      комитетінің Қостанай

      облысы қоғамдық

      денсаулық сақтау

      департаментінің Қарасу

      аудандық қоғамдық

      денсаулық сақтау

      басқармасы"

      республикалық мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ____________ В. Кайер

      2019 жылғы 13 мамыр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы

      министрлігі Ветеринариялық

      бақылау және

      қадағалау комитетiнiң

      Қарасу аудандық

      аумақтық инспекциясы"

      мемлекеттік мекемесінің

      басшысы

      ____________ Е. Таукеев

      2019 жылғы 13 мамыр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қарасу ауданы

      әкімдігінің ветеринария

      бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ___________ С. Тасиков

      2019 жылғы 13 мамыр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады