Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 117 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 9 сәуірде № 5330 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 23.12.2021 № 498 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабы 2-тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 23.12.2021 № 498 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 522 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Тайынша ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласында мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3555 болып тіркелген, 2016 жылғы 21 қаңтарда "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны мемлекеттік тіркеу күнінен он күн ішінде оның қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығы – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалына ресми жариялау үшін және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды.

      3) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан соң Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі И. Турков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Солтүстік Қазақстан облысы

      Тайынша ауданы

      мәслихатының хатшысы

      _______________Қ. Шәріпов

      2019 жылғы "___" ________

  Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "___" сәуірдегі №_____ қаулысына қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 23.12.2021 № 498 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.05.2023 № 194 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.12.2023 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;

      2) қарттар мен мүгедек тұлғаларды күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      3) психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балаларды және 18 жастан асқан мүгедек тұлғаларды күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер.

      2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);

      2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының (директорының) орынбасары;

      3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі;

      4) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас бухгалтері;

      5) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын бөлімінің басшысы;

      6) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас әкімшісі;

      7) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын кітапханасының меңгерушісі (басшысы);

      8) әкімші (негізгі қызметтер);

      9) аккомпаниатор;

      10) балетмейстер;

      11) библиограф;

      12) кітапханашы;

      13) дыбыс инженері;

      14) барлық атаулардағы инженер (негізгі қызметтер);

      15) Мәдени ұйымдастырушы(негізгі қызметтер);

      16) барлық атаулардың (негізгі қызметтердің) әдіскері;

      17) музыкалық жетекші;

      18) редактор (негізгі қызметтер);

      19) режиссер;

      20) қоюшы-режиссер;

      21) хореограф;

      22) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);

      23) бухгалтер;

      24) барлық мамандықтар инженері;

      25) инспектор;

      26) аудармашы;

      27) мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынға: шаруашылыққа әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсетумен айналысатын құрылымдық бөлімшенің басшысы;

      28) костюмер;

      29) оператор: жарық аппаратурасы, бейнежазба, дыбыс жазу.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады