"Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Бейбарыс ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 11 наурыздағы № 9 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Махамбет ауданы Бейбарыс ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № 55 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 2 қыркүйекте № 4485 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27–бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Махамбет аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 27 мамырдағы № 14-11/149 ұсынысы негізінде Бейбарыс ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бейбарыс ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 11 наурыздағы № 9 "Шектеу іс - шараларын белгілеу туралы" (Нормативтик құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4347 санымен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтик құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 13 наурызда жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бейбарыс селолық округі әкімі М. Сарсенгалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады