Шешімнің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Құрманғазы ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 18 ақпандағы № 43 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 19 ақпанда № 4342 болып тіркелді

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 12-11/191 ұсынысы негізінде Құрманғазы ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Құрманғазы ауылдық округ әкімінің 2018 жылғы 25 қыркүйектегі № 207 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4245 болып тіркелген, 2018 жылдың 9 қазанында Қазақстан Республикасы нормативтің құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі М. Мұғалім

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады