Шілік ауылдық округіне қарасты Жаңа Шілік ауылы С.Сейфуллин және Т.Датқа көшелерінің аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Отырар ауданы әкімдігінің Шілік ауылдық округі әкiмiнiң 2019 жылғы 23 шілдедегі № 23 шешімі. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2019 жылғы 7 тамызда № 5162 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Отырар ауданы әкімдігінің Шілік ауылдық округі әкiмiнiң 2019 жылғы 18 қазандағы № 42 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Отырар ауданы әкімдігінің Шілік ауылдық округі әкiмiнiң 18.10.2019 № 42 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы Отырар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2019 жылғы 22 шілдедегі № 92 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Шілік ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Б.Қасымбековтің жеке тұрғын үй ауласынан табылған күшік өлексесінің құтырық ауруымен ауруына байланысты Шілік ауылдық округінің Жаңа Шілік ауылындағы С.Сейфуллин және Т.Датқа көшелерінің аумағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Отырар ауданы әкімдігінің "Шілік ауыл округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Отырар ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Отырар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шілік ауыл округі әкімі аппаратының бас маманы Б.Орынбасаровқа жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл әкімі Ж. Сейтжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады