Шектеу іс-шараларының алып тастау және Жетісай ауданының Жетісай қаласы әкімінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 178 "Жетісай ауданының Жетісай қаласы М.Әуезов көшесінің аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Жетісай ауданының Жетісай қаласы әкiмiнiң 2019 жылғы 5 қыркүйектегі № 245 шешімі. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2019 жылғы 5 қыркүйекте № 5177 болып тiркелдi

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мақтарал аудандық аумақтық инспекциясы мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін уақытша атқарушысының 2019 жылғы 27 тамызындағы № 02-03/387 санды ұсынысы негізінде, Жетісай қала әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Иттің құтырық ауруының ошақтарын жоюға қатысты ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты Жетісай ауданының Жетісай қаласы М.Әуезов көшесінің аумағына шектеу іс-шаралары алып тасталсын.

      2. Жетісай ауданы Жетісай қаласы әкімінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 178 "Жетісай ауданының Жетісай қаласы М. Әуезов көшесінің аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5114 болып тіркелген және 2019 жылы 23 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бакылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      3. Жетісай ауданының "Жетісай қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Казақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Жетісай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жетісай қаласы әкімі Т. Елшибаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады