Шектеу іс-шараларын тоқтату және "Тарбағатай ауданының Қызыл кесік ауылдық округiне қарасты "Үштөбе" елді мекеніне шектеу iс-шараларын белгiлеу туралы" Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 572 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 22 тамыздағы № 360 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 22 тамызда № 6125 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабының 2-тармағының 10) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Тарбағатай ауданының аумақтық бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 18 шілдедегі № 782 ұсыныстары негізінде Тарбағатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мүйізді ірі қара малдарының бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Тарбағатай ауданының Қызыл кесік ауылдық округiне қарасты "Үштөбе" елді мекенінде шектеу iс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 572 "Тарбағатай ауданының Қызыл кесік ауылдық округiне қарасты "Үштөбе" елді мекеніне шектеу iс-шараларын белгiлеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-16-149 тіркелген, 2018 жылғы 15 қыркүйектегі "Тарбағатай" газетінде және 2018 жылғы 06 қарашадағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімі С. Садуақасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады