Ұлан ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 274 "Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы туралы" қаулысының күшін жою туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 19 шілдедегі № 302 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 23 шілдеде № 6084 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Ұлан ауданының әкімдігіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ұлан ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 274 "Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 6049 нөмірмен тіркелген, 2019 жылғы 12 шілдедегі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Ұлан ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамалық тәртіпте:

      1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күнінен бастап, он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күнінен бастап, он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмелерін Ұлан ауданының аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ұлан ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Хосчановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлан ауданының әкімі Н. Сақтағанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады