Үржар ауданы Көлденең ауылдық округіне қарасты Барақпай учаскесіндегі "Сабыр", "Дәурен", "Әлібек" шаруа қожалықтарына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Көлденең ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 24 мамырдағы № 3 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 28 мамырда № 5973 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Көлденең ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 3 қазандағы № 14 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Көлденең ауылдық округі әкімінің 03.10.2019 № 14 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ - ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының ауылшаруашылығы министірлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2019 жылғы 5 мамырдағы № 101 ұсынысы негізінде Көлденең ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Үржар ауданы Көлденең ауылдық округіне қарасты Барақпай учаскесіндегі "Сабыр", "Даурен", "Әлібек" шаруа қожалықтарында ірі қара малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Үржар ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық министірлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Үржар ауданының орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша) анықталған эпизотиялық ошақта ветеринариялық-санитарлық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті ветеринариялық санитарлық іс шараларды жүргізу ұсынылсын.

      3. "Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Көлденең ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы шаруашылық құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресіми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресіми жариялау және енгізу үшін жолдансын;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Үржар ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресіми жариялауға жолдансын;

      4) ресми жариялағаннан кейін осы шешімді Үржар ауданы әкімдігінің интернет ресурстарында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Көлденең ауылдық округінің әкімі С. Истемесов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады