Шектеу іс шараларын тоқтату және Көлденең ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 19 тамыздағы № 9 "Көлденең ауылдық округіне қарасты Тарбағатай учаскесіндегі "Қараш" шаруа қожалығына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Көлденең ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 27 қыркүйектегі № 13 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 1 қазанда № 6179 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Үржар аудандық аумақтық инcпекциясы басшысының 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 214 ұсынысы негізінде Көлденең ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ірі қара малдары арасынан қарасан індетінің ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты, Көлденең ауылдық округінің Тарбағатай учаскесіндегі "Қараш" шаруа қожалығында шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Көлденең ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 19 тамызындағы № 9 "Көлденең ауылдық округіне қарасты Тарбағатай учаскесіндегі "Қараш" шаруа қожалығына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6128 болып тіркелген және 2019 жылдың 27 тамызында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      әкім С. Истемесов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады