Бөрлі ауданы Ақбұлақ ауылдық округі Ақбұлақ ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 5 маусымдағы № 11 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 6 маусымда № 5704 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бөрлі аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің басшысының 2019 жылғы 21 мамырдағы №113/450 ұсынысы негізінде Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бөрлі ауданы Ақбұлақ ауылдық округі Ақбұлақ ауылының аумағындағы ұсақ мүйізді қара мал арасында бруцеллез ауруы пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Ақбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (М.Молдаш) осы әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады