Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ ауылдық округі Құрысай жайлауы аумағындағы карантинді тоқтату туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 24 қазандағы № 9 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 24 қазанда № 5843 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шыңғырлау аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы 2019 жылғы 21 қазандағы № 01-18/570 ұсынысы негізінде Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ ауылдық округі "Ақтау" шаруа қожалығының Құрысай жайлауы аумағында мүйізді ірі - қара мал арасында қарасан ауруының пайда болуына байланысты белгіленген карантин тоқтатылсын.

      2. Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 20 қыркүйектегі № 7 "Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ ауылдық округі Құрысай жайлауы аумағына карантин белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5792 тіркелген, 2019 жылы 30 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Ақбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (М.К.Зулкашева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі Е. Айшуаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады